Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
                    Қазақстандық сейсмологтар Түркістан облысында 2 балл шамасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеген.
“Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2”, – делінген хабарламада.
Түркістан облысында есептік балл келесідей:
Кейінірек ТЖМ жер сілкінісі Шымкент қаласында да сезілгенін, оның күші 2 балл болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.