Жол апаты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесінде болған.
Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесінде болған.
- Toyota Avensis пен Howa көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Avensis жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.