$ 528.31  608.35  6.55

Елімізде ТЖМ базасын жаңарту және өрт қауіпсіздігін күшейту шаралары бойынша қандай жағдай жасалып жатыр

Төтенше жағдай ұғымы соңғы жылдары қазақстандықтар үшін жиі айтылатын тақырыптардың біріне айналды. 

Фото: jambylinfo.kz
Фото: jambylinfo.kz

Бір сәттің ішінде жайлы өмір төңкеріліп түсуі мүмкін — жер дірілдеп, су арнасынан асып, боран жолды жауып тастайды. Осындай шақтарда адамдардың амандығы, тұрғындардың өзара көмегі мен төтенше қызметтердің кәсібилігі бәрінен қымбат. Төтенше жағдай – қауіптің ғана емес, қоғамның бірлігі мен жауапкершілігінің де сынағы, деп жазады Skifnerws.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елдегі төтенше жағдайлар жүйесінің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. 2023–2027 жылдарға арналған азаматтық қорғау саласындағы кешенді жоспарға түзетулер енгізіліп, жаңа авиациялық техника сатып алу көзделді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойған құжатқа сәйкес, 2027 жылға дейін республикалық бюджет есебінен 24,8 млрд теңге бөлініп, 11 ұшақ пен тікұшақ кезең-кезеңімен сатып алынады.

Бұл техника қиын қолжетімді аймақтарда эвакуация мен іздестіру жұмыстарын жедел жүргізуге, сондай-ақ су тасқыны мен өрт қаупі жоғары кезеңдерде мониторингті күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар елде өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Мақсат – тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру және тұрмыстық өрттің алдын алу.

МЧС қызметкерлері мен волонтёрлер 800 мыңнан астам адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 23 мың үйді өртке қарсы қауіпсіз етуге көмектесті. Әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне 24 мыңнан астам газ және түтін датчигі орнатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары