$ 528.31  608.35  6.55

Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған 17 жастағы студентті көлік қағып өлтірді

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, BMW маркалы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші оқиға орнынан кетпей, полицияға көмектесіп жатыр", – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары