$ 522.49  601.07  6.47

Көпвекторлы саясат: Қазақстан әлемдік тепе-теңдікті қалай сақтап отыр

Фото: kyzylorda-news.kz
Фото: kyzylorda-news.kz

Бүгінгі геосаяси ахуал – тұрақсыздық пен қақтығыстар кезеңі. Әлемде блоктарға бөліну, санкциялық қысым, энергетикалық дағдарыс жиілеген шақта бейтарап позиция ұстану екінің бірінің қолынан келмейді. Осындай күрделі жағдайда Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты – елдің тұрақтылығын, беделін және ұлттық мүддесін қорғаудың басты құралына айналды.

Көпвекторлы саясаттың мәні – тек “бәрімен дос болу” емес. Ол – балансты сақтау өнері. Қазақстан бір мезгілде Ресеймен стратегиялық серіктестік орнатып, Қытаймен экономикалық жобаларды дамытып, Батыс елдерімен демократиялық институттар мен технология алмасуды ілгерілетіп отыр. Бұл саясаттың түпкі мақсаты – елдің тәуелсіздігін сақтау, экономикасын сыртқы тәуелділіктен қорғау және жаһандық процестердің әділ қатысушысы болу. Экономикалық тұрғыда еліміз “Бір белдеу – бір жол”, “Жаңа Жібек жолы”, “Орталық Азия интеграциясы” сияқты жобаларда негізгі транзиттік ойыншы ретінде маңызды рөл атқарып отыр.

Көпвекторлы саясаттың арқасында Қазақстан әлемдік тұрақтылықты сақтауда “көпір” қызметін атқарып келеді. Бұл – бейбітшілік пен прагматизмге негізделген сыртқы саясаттың нәтижесі. Әлем өзгеріп жатыр, бірақ Қазақстанның бағыты айқын: ұлттық мүдде – ең жоғары құндылық, ал бейбітшілік – оның басты шарты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары