$ 522.49  601.07  6.47

Қытай шекарасында апталап тұрып қалатын қазақстандық вагондар көбейді

Ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай жағдайдың себебін түсіндірді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қытай шекарасында қазақстандық вагондар апталап тұрып қалды деген шағымдар көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай жағдайдың себебін түсіндірді. Ведомствоның айтуынша, транзит аймағынан алдымен шетелдік жүктер өткізіледі – бұл қалыпты тәжірибе. Министрлік қазақстандық тарап барлық құжаттарды уақытында тапсырғанын мәлімдеді. Қазір мәселе Қытай Республикасының тиісті министрлігімен бірлесіп талқыланып жатыр. Екі елдің құзырлы органдары жақын күндері кездесіп, түйткілді толық шешуге уағдаласқан. Ал сарапшылардың пікірінше, Қытай тарапы фитосанитариялық тексерісті күшейткен соң, осындай кідірістер жиілеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары