$ 522.49  601.07  6.47

«Банк жабылса халық зардап шегеді»: Айдос Сарым жаңа заң жобасын сынға алды

Оның сөзінше, мұндай құпия тізім елдегі әділ бәсекеге де, халық сеніміне де соққы береді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым халықтың ақшасына тікелей қатысы бар маңызды мәселені көтерді.
Жаңа заң жобасына сәйкес, Ұлттық банк кейбір қаржы ұйымдарына «системалық маңызы бар банк» мәртебесін береді. Бірақ бұл тізім жарияланбайды, яғни халық қай банктің “таңдаулы”, ал қайсысының құлау қаупі барын білмейді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 


— «Бұл ашықтық емес. Егер дағдарыс болса, мемлекет тек таңдаулы банктерді ғана құтқарады. Ал басқа банктердегі халықтың ақшасы не болады? Бұл әділетсіздік қой!» — деді Сарым.

Оның сөзінше, мұндай құпия тізім елдегі әділ бәсекеге де, халық сеніміне де соққы береді.

— «Қазақстанда бәрі бәрін біледі. Ерте ме, кеш пе нарық кімнің “ерекше” екенін түсінеді. Сонда халықтың да, бизнес пен депозит иелерінің де ақшасы сол банктерге кетеді. Бұл — әділдік емес», — деді депутат.

Қаржы реттеушісі болса, мұндай банктерге қосымша талаптар қойылатынын алға тартты. Бірақ басты ерекшелік — дағдарыс кезінде мемлекет тек сол “ерекше” банктерді ғана қолдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары