$ 522.49  601.07  6.47

Алматыда бос тұрған әкімшілік ғимараттан өрт шықты (ВИДЕО)

Қазір оқиға орнында өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Медеу ауданындағы Самал шағын ауданында орналасқан бұрын пайдаланылған әкімшілік ғимарат өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, нысан ресми түрде “пайдаланылмайтын ғимараттар” қатарына енгізілген.

Қазір оқиға орнында өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде шатырды ашып өртті сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оқиға орнына 55-ге жуық адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды, - деді қалалық ТЖД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары