$ 524.94  602.79  6.45

«Бұл күн туды»: Рүстем Омаров әйгілі Джеки Чанмен бірге фильмге түспек

Киноиндустрия өкілдерінің айтуынша, бұл — отандық таланттардың халықаралық деңгейде мойындалуының тағы бір дәлелі.

Фото: instagram _omarov_rustem
Фото: instagram _omarov_rustem

Белгілі қазақстандық актер әрі сценарист Рүстем Омаров әлемге әйгілі Джеки Чанның халықаралық жобасына қосылды. Ол «Құдайдың сауыттары: Ультиматум» («Armour of God: Ultimatum») атты жаңа фильмде актер әрі сценарист ретінде бой көрсетпек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Жаңа бөлім әйгілі экшн-франшизаның жалғасы болып табылады. Рүстем Омаров бұл жобаға Salem Entertainment компаниясының атынан қатысады.

 

«Мен бақыттымын: балалық шағымның кумирі Джеки Чанмен бір фильмде ойнайтын күн туады деп ойламаппын», – дейді Рүстем Омаров.

 

Киноиндустрия өкілдерінің айтуынша, бұл — отандық таланттардың халықаралық деңгейде мойындалуының тағы бір дәлелі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары