$ 524.94  602.79  6.45

Көкшетауда жылы аялдама құлыптаулы - тұрғындар суықта далада қалды

Қатты аязда адамдар жел мен қардың астында күтуге мәжбүр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Көкшетаудағы жылы аялдама жұмыс істемей тұр. Есігіне құлып салынған нысанның қасында күн сайын ондаған адам суықта қоғамдық көлікті күтіп тоңып тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Аялдаманы пайдалануға бердік деп хабарлаған еді, бірақ есігі жабық. Егер дайын болса, неге ашпайды?», — дейді қала тұрғындары.

Қатты аязда адамдар жел мен қардың астында күтуге мәжбүр. Қала билігінің әрекетсіздігіне жұрт наразы. «Халық үшін жасалды» деген нысанның есігі ашылмай тұрса, оның мәні не? Көкшетау әкімдігі тұрғындардың жайын емес, есеп үшін жұмыс істеп отырғандай көрінеді. Ал қарапайым халық әлі күнге дейін жылы аялдаманың сыртында дірдектеп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары