$ 524.94  602.79  6.45

Шымкентте көлік асфальт астына түсіп кетті: тұрғындар ашулы (ВИДЕО)

Оқиға бойынша тексеріс басталды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласындағы Қуныштық шағынауданында бірнеше көлік жерге опырылып түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарап, онда бірнеше автокөліктің кенеттен пайда болған ойыққа түсіп кеткені көрініс тапқан. Міне, бізде асфальт осылай жасалады. Жерді қазып, үстінен үстірт жапқан, нәтижесінде көлік опырылып түсті. Енді бұған кім жауап береді? деп жазды видео авторы. Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға ауызсу желісін тарту жұмыстары кезінде болған. Жобаның тапсырыс берушісі — «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС. Жер қазу жұмыстары аяқталған соң мердігер ұйым кері топырақ салу және уақытша жабынды төсеу жұмыстарын жүргізген.

Алайда топырақтың шөгуіне байланысты жер ойылып, автокөліктер опырылып түскен, - деп хабарлады әкімдік. Оқиға бойынша тексеріс басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары