$ 526.02  607.55  6.5

Алматыда балалар үйі ғимараты өртеніп жатыр

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Анықталған ақпарат бойынша, балалар үйі ауласындағы асхана ғимаратынан өрт шыққан.

Әкімшіліктің айтуынша,ғимаратта адамдар жоқ. Тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

Жағдай бақылауда: сөндіруге оқпандар енгізілді, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді.

Оқиға орнында қала ТЖД бастығы жұмысты үйлестіріп жатыр.

Төтенше зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары