$ 526.02  607.55  6.5

«Бұл үлкен жеңіс»: Депутат Әбенов құрылыстың кепілдік мерзімі 2 жылдан 10 жылға дейін ұлғайғанын айтты

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Депутат Мұрат Әбенов құрылыс нысандарына берілетін кепілдік мерзімі бес есе ұлғайғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар сатып алған жаңа үйлерге 10 жылдық кепілдік беріледі. Бұған дейін бұл мерзім бар болғаны 2 жыл еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әбеновтің айтуынша, бұл бастама құрылыс сапасын арттыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Депутат бұл өзгеріске қарсы шыққан лоббистер мен кейбір құрылыс компаниялары болғанын да жасырмады.

«Біздің ұсынысымызға қарсы шыққандар көп болды. Үкімет пен құрылыс олигархтарының өкілдері “егер сапалы етсек, баспана қымбаттайды” деп қорқытты. Бірақ біз үшін ең бастысы — адамдардың қауіпсіздігі мен әділдік. Көпшілік пәтерді өмір бойы несиеге алады, ал бұрынғы екі жылдық кепілдік — күлкілі жағдай еді», — деді Мұрат Әбенов.

Депутат сондай-ақ Астанадағы жаңа үйлердің бірінде жақында болған қайғылы оқиғаны мысал етті. Сол жерде үйдің сыртқы қаптамасы опырылып, бірнеше адам зардап шеккен.

«Мұндай жағдайлар сапасыз құрылыс пен қысқа кепілдік мерзімінің салдары. Біз осыны болдырмау үшін заңды өзгерттік. Енді әр құрылыс компаниясы өз жұмысы үшін 10 жыл бойы жауап береді», — деп атап өтті ол.

Мұрат Әбенов жаңа түзетулерді “үлкен жеңіс” деп атады және бұл шешім қарапайым азаматтардың мүддесін қорғайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары