$ 523.58  605.36  6.45

«Шабуыл жасалуы мүмкін»: Ақтауда мектеп оқушыларының көбі сабаққа бармай қалды

Ата-аналар қауіпсіздік мақсатында балаларын үйлерінде қалдыруды жөн көрген.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Ақтауда мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабар тарағаннан кейін оқушылардың жартысынан көбі сабаққа келмей қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ата-аналар қауіпсіздік мақсатында балаларын үйлерінде қалдыруды жөн көрген.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының мәліметінше, барлық мектептерде күзет бар, бейнебақылау камералары және дабыл түймелері жұмыс істейді. Жағдай толық бақылауда.

“2025 жылдың 9 қарашасында мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таралып, Ақтау қаласының тұрғындарын алаңдатты. Осы факт бойынша құқық қорғау органдары жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде ешқандай қауіптің жоқтығы анықталды. Қазір барлық білім беру ұйымдары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. 10 қарашада Ақтау қаласындағы мектептердің бірінші және екінші ауысымында 30 502 оқушы сабаққа қатысқан. Бұл жалпы оқушылар санының 43,1%-ын құрайды", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары