Ал құрылыс компаниясы жауапкершілікті өзінен алыстатып, кінәні басқаларға ысырып келеді.
Өскеменнің Пахомов көшесіндегі 14-үй тұрғындары “бизнес-класс” деп сатылған үйдің шындығын ашты. Пәтерлердің басым бөлігі мемлекеттік бағдарлама арқылы берілгенімен, сапасы соған мүлде сай емес. Үш жыл бойы қабырғалары су сорған, іші көгерген, желдетуі істемейтін үйде тұрып келеді. Қыста қабырға қырау басып, суық тікелей бөлмеге өтетіні айтылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тұрғындар мәселені бірнеше рет әкімдікке жеткізген, бірақ нақты әрекет болмаған. Әкімдік қағаз жүзінде жауап берумен шектеліп, үйдің жағдайын тексеруге асығар емес. Керісінше, застройщикті қорғап отырғандай әсер қалдырады.
Ал құрылыс компаниясы жауапкершілікті өзінен алыстатып, кінәні басқаларға ысырып келеді. Тұрғындар әкімдікті жағдайды созбай, шынайы тексеріс жүргізуге және үйдің мәселесін нақты шешуге шақырып отыр.