$ 523.58  605.36  6.45

Қаралы хабар: Танымал журналист, режиссер Ғалым Доскен дүниеден өтті

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі қаламгер, қоғам қайраткері, режиссер-сценарист, медиаменеджер Ғалым Доскеннің дүниеден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

«Ғалым Төлембекұлы – еліміздің мәдениеті мен әдебиетінің, телерадио саласының дамуына, ұлттық журналистиканың қалыптасуына сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол «Ұлан» газетінің бас редакторы, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы қызметтерін атқарып, бірнеше маңызды мәдени жобаларды жүзеге асырды. Соның ішінде «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» мен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антологиялық жинақтардың авторы ретінде ұлттық өнердің баға жетпес мұрасын келер ұрпаққа жеткізді.

Режиссер әрі сценарист ретінде «Киелі жерлер», «Жоғалған жарық хроникасы» секілді деректі фильмдерді дүниеге әкеліп, қазақ халқының рухани қазынасын кеңінен насихаттады.

Өмірін сөз өнері мен ұлт мәдениетіне арнаған Ғалым Төлембекұлының жарқын бейнесі мен ұлттық мәдениетімізге сіңірген өлшеусіз еңбегі халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай!», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары