$ 525.28  607.85  6.47

Өскеменде ер адам тұрғындарды пышақпен қуалаған

Қуанышқа орай, тұрғындар подъезге кіріп үлгерген.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Өскеменде көпқабатты үйдің ауласында ер адам пышақ ала жүгіргені туралы видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Михаэлис көшесіндегі 26-үй маңында болған. Куәгердің сөзінше, ер адам алдымен оқиғаны түсіріп тұрған азаматқа шабуыл жасап, кейін көлікке қарай ұмтылған.

“Біз қашып үлгердік. Көліктен түсіп үлгермегеніміз жақсы болды. Ол пышағын алып, көлікті сызып өтті. Кейін бұрылып, тағы үш адамға қарай жүгірді. Қарасаң, біреуді жазым қылғысы келген сияқты” - дейді оқиға куәгері.

Қуанышқа орай, тұрғындар подъезге кіріп үлгерген. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, таңертең үйіне жеткізген.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары