$ 525.28  607.85  6.47

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар не істейді?: Депутат маңызды мәселе көтерді

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Бүгін Мәжілісте депутат Сенжеғұл Сейтжан халықтың атынан көптің көкейіндегі сұрақты қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— «Иә, бәрін цифрландырып жатырсыздар. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар не істейді? Кнопкалы телефон ұстайтындар қалай мемлекеттік қызмет алады?» – деді ол.

Өйткені елде мыңдаған адам әлі күнге дейін смартфон ұстамайды, интернетке кірмейді.

Ал электронды үкімет пен цифрлы жүйелердің көбін қолдану үшін арнайы қосымша мен смартфон керек.

Вице-министрдің жауабы:

— «Енді мемлекеттік қызметтерді кнопкалы телефон арқылы да алуға болады. Дауыспен сұрап, SMS арқылы растауға мүмкіндік беріледі», – деді ол.

Яғни, енді қарапайым телефонмен де кей қызметтерді алуға жол ашылмақ.

Министрлік қазірдің өзінде 45 мемлекеттік қызметті осындай форматқа бейімдеп қойған.

Мысалы, баланың тууына байланысты жәрдемақы, зейнетақы немесе айыппұл туралы хабарлама сияқты қызметтерді қарапайым телефон арқылы алуға болады.

Бірақ депутат Сенжеғұл Сейтжан бұған сенімді емес.

— «Қағазда бәрі әдемі, ал шын өмірде адамдар әлі де қиналып отыр. Үш жыл бұл мәселені шешуге аз», – деді ол.

Оның айтуынша, ескі жүйелер мен жаңа цифрлы технология арасындағы алшақтық халықты тағы да теңсіздікке итермелеуі мүмкін.

Министрлік болса, бәрі біртіндеп шешіледі дейді.

Бірақ халықтың көкейінде сұрақ қалды:

«Цифрлы теңдік бәріне жете ме, әлде кнопкалы телефон ұстағандар тағы да шетте қала ма?»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары