$ 525.28  607.85  6.47

Шортандыда балық аулап отырған зейнеткер мұз астына түсіп, қаза тапты (ВИДЕО)

Мұз әлі қата қоймаса да ол көлдің ортасына дейін барған. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысы Шортанды ауданында балық аулауға кеткен 71 жастағы зейнеткер мерт болды. Мұз әлі қата қоймаса да ол көлдің ортасына дейін барып, балық аулағысы келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«КТК» телеарнасының жаңалықтар қызметі хабарлағандай, судың ортасына беріп, орындығын қоя бергенде мұз жарылып, зейнеткер орындығымен бірге мұз астына түсіп кеткен.

Оның денесін алып шығу үшін құтқарушылар қайықтың бір шетін жағаға байлап, көл ортасына дейін әрең жеткен.

«Қазгидромет» пен Төтенше жағдайлар қызметі қараша айының соңына дейін су бетіндегі мұз жұқа болатынын ескертіп, дабыл қаққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары