$ 525.28  607.85  6.47

Көкшетау: күш пен рухтың сынағы

Көкшетау қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына үміткерлер үшін сынақ өтті. 

Фото: Дала қырандары
Фото: Дала қырандары

8–9 қараша күндері Көкшетау қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына үміткерлер үшін сынақ өтті. 

Таң ертең жаттығу мен қысқаша нұсқаулықтан басталды — әрі қарай нағыз сынақ: 3000 метр және Купер тесті (секіру, қолды бүгіп-жазу, іш бұлшықеттеріне арналған жаттығу). Әр қатысушының өз мақсаты бар. Бірі бұрынғы нәтижесін жақсартқысы келді, бірі өз шегін сынап көруді жөн көрді. Маңыздысы — берілмеу және соңына дейін жету. Алғашқы минуттардан-ақ ерекше атмосфера орнады: достық қолдау, жігер мен қозғалыс рухы. Тәжірибелі қырандар қасында жүріп, күшті дұрыс бөлуге және ритмді сақтауға көмектесті. Алаңда медицина қызметкерлері кезекшілік етті, төрешілер нәтижелерді мұқият тіркеп отырды — бәрі нақты, әділ және шынайы.

«Қыран — тек күшті адам емес. Ол – уәдесінде тұра алатын, берілмейтін және соңына дейін жететін тұлға», — деді ұйымдастырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары