15.11.2025, 08:30

«Тұман, көктайғақ»: Елімііздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа-райы күтіледі

Фото: Pixabay

Астанада көктайғақ күтіледі.

15 қарашада елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Алматы қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 15 қарашада көктайғақ күтіледі.

Астанада көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 15 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 15 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 15 қарашада тұман күтіледі.