$ 522.19  606.42  6.47

Солтүстік Қазақстанда науқас ФГДС кезінде қайтыс болды

ФГДС – асқазан, өңеш және он екі елі ішекті арнайы жіңішке камерасы бар түтік (эндоскоп) арқылы тексеретін медициналық процедура.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қайғылы жағдай Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасының эндоскопиялық зерттеулер кабинетінде болды. Ер адам есінен танып қалып, тыныс алуы тоқтаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дәрігерлер ағзадан эндоскопты шығара бастағанда науқастың жағдайы күрт нашарлаған. Ақхалаттылардың айтуынша, ол есінен танып, дем ала алмай қалған. Сөйтіп бір сағат бойы реанимациялауға тырысқан.

“Науқастың кеуде қуысы ауырып, терең дем алған кезде ауырсынуы күшейе берген. Сондай-ақ сегіз жылдан бері бас ауруы мазалап жүрген. Ол қабынуға қарсы стероид емес дәрілерді өз бінше қабылдаған”, – делінген аудандық аурухананың хабарламасында.

Науқас диспансерлік есепте тұрмаған, ал емханаға соңғы бес жылда мүлде бармаған.

“Ауыр дерттің салдарынан науқасты құтқара алмадық. Оның бұрын анықталмаған аортаның қабырғасының жарықшақтануы деген диагнозы бар кен. Зерттеу кезінде бұл жағдай науқастың ағзасының ауруға төзу қабілетінің бұзылуына, яғни аневризманың қабырғасының жарықшақтануы мен жүрек қапшығының тампонадына әкеп соқты”, – дейді дәрігерлер.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, полиция бөліміне ер адамның өлімі туралы хабарлама келіп түскен. Ол бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция істің барлық мән-жайларын объективті зерттеу үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

ФГДС – асқазан, өңеш және он екі елі ішекті арнайы жіңішке камерасы бар түтік (эндоскоп) арқылы тексеретін медициналық процедура.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО #аурухана