$ 522.19  606.42  6.47

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда түнде және таңертең қалың тұман түседі.

Фото: ©istockphoto.com
Фото: ©istockphoto.com

Ел бойынша ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер Алматы қаласы мен 16 өңірде дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, 16 қарашада Қазақстанның көптеген аймақтарында тұман, ал солтүстікте және шығыста желдің күшеюі байқалады.

Алматыда түнде және таңертең қалың тұман түседі.

Ал Алматы облысы аумағында, соның ішінде Қонаев қаласында да түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында да көріну деңгейін нашарлататын қалың тұман болжанған.

Солтүстік Қазақстан облысында тұманмен қатар желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавлда жел екпіні 23 м/с болуы мүмкін.

Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Абай, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында да түнде және таңертең тұман түсіп, кей өңірлерде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман басады.

Атырауда кей уақытта тұман қою түсуі мүмкін.

Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жолда жылдамдықты арттырмауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға, бұрылыстарда аса сақ болуға кеңес береді.

Ал жаяу жүргіншілерге тұман кезінде жолды тек арнайы өткелдерден кесіп өту ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары