$ 522.19  606.42  6.47

Ақмола облысында 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды

Көп ұзамай полиция жасөспірімді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жасөспірінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотқа дейінгі тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеудің барысын полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алды.

Көп ұзамай полиция жасөспірімді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.

“Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып кетпек болған, алайда ол ізін суытпай ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары