17.11.2025, 16:00

«Денесінің жарты бөлігі қайда?»: Сотта Яна Легкодимованың табылған қаңқасы көрсетілді

Фото: Видеодан скрин

"Қолдары, аяқтары, жамбасы жоқ".

Судья Зарема Хамидуллина Хайржановтың қамауда бірге отырған камераластарына мәйітті қай жерге тастағанын айтып, қызды ешкім таппайтынына сенімді болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, бұл қылмысты жасыру үшін алдын ала ойластырылған жоспар болған.

Судья Алтынбек Катимовтың “бір жылдан кейін шығамын, жаңа аккаунт ашамын да, Хайржановпен байланысамын” деп жазған хабарламасын да еске салды. 

“Мұндай сөздер оның қылмыстық әрекетті жалғастыру ниеті болғанын көрсетеді”, – дейді Зарема Хамидуллина.

Сондай-ақ судья марқұмның қаңқаларының ерекше назар аударып, мәйіттің төменгі жағы, қол-аяқтары және жамбас жоқ екенін айтты.

“Оның денесі жануарларға жем болған. Қолдары, аяқтары, жамбасы жоқ. Дененің басқа бөліктері қайда” – деп сұрады ол айыпталушылардан. Оның сотталушыларға ең ауыр жаза тағайындауының себебі де осы.

Хамидуллина Хайржановтың Легкодимова туралы “моральдық тұрғыдан дұрыс өмір сүрмеген” деген пікіріне де тоқталып, бұл ақпарат расталмағанын атап өтті.

“Яна сізді жақсы көрді. Ризуан Хайржанов, сіз жәбірленушіні қаралап, өз әрекеттеріңізді әлі түсінбегеніңізді және түзелуге тырыспайтыныңызды көрсетіп отырсыз. Бірнеше күн бойы сіз қылмысты қалай жасау керегін қатыгез, арсыздықпен, күліп отырып талқыладыңыз. Сізді жәбірленушінің жағдайы алаңдатпады, тек полициядан құтылыудың амалын ойластырдыңыз. Процесс барысында сот тек бір ғана дәлеліңізді мойындады – сіздің әрекетіңізді ақтауға болмайды. Біз бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Сіздер толық отбасында өстіңіздер, білім алдыңыздар, жұмыс істедіңіздер, айналаңызда туысқандарыңыз, жақындарыңыз, достарыңыз бен әріптестеріңіз болды. Соған қарамастан, мен сіздердегі қатыгездік пен өшпенділік қайдан шыққанын түсінбеймін. Сот отырысында сіздер ата-ана мен жақындарыңыз туралы бірнеше рет айттыңыздар, бірақ оларды қылмыстан кейін емес, қылмыс жасамастан бұрын ойлау керек”, – деді судья.

Сотталушыларға үкім шыққан соң Янаның анасы да сөз сөйледі. Ол со үкімімен толықтай келісетінін жеткізді. 

“Бізде өлім жазасы жоқ. Бірақ олардың алған жазасы лайықты. Мен бәріне, Қазақстан халқына да, қолдау білдірген өзге елдің азаматтарына да алғаз білдіремін. Менің қызы қайтып келмейді. Бірақ қызымның аты ақталды. Өйткені сотталушы Янаның өзіне шабуыл жасағанын айтты. Бастысы – олар жазаланды. Бәріне рахмет”, – деді Галина Легкодимова.