$ 519.41  600.85  6.41

Ақтөбеде әйелімен ренжісіп қалған ер адам аялдаманы сындырып тастады

Ер адамның айтуынша, әйелімен сөзге келіп, ашуын аялдамадан алған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтөбеде ер адам әйелімен ренжісіп қалғаннан кейін аялдаманың әйнегін аяғымен теуіп сындырып тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желідегі мәліметке сүйенер болсақ, полицейлер аялдаманың қабырғасын тепкен ер адамды ұстады. Оның әрекеті туралы видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін құқық қорғаушылар тез арада анықтап, қолға түсірді.

Ер адамның айтуынша, әйелімен сөзге келіп, ашуын аялдамадан алған. Полицияда оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол өз кінәсін мойындады, іс материалдары шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары