$ 519.41  600.85  6.41

Алғабас өртіндегі үш адамның жағдайы өте ауыр: екеуі ИВЛ-де, дәрігерлер өмір үшін арпалысып жатыр

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев хабарлады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алғабас ауылындағы өрттен зардап шеккен үш адамның жағдайы әзірге «тұрақты ауыр» күйінде қалып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев хабарлады.

Оның айтуынша, қазір 18 жастағы бойжеткен мен ересек әйел жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал үшінші пациент – ер адам – өздігінен тыныс алып жатыр. Барлығы шок алған, дене жарақаттарының көлемі 11–12 пайыздан 30 пайызға дейін жетеді. Зардап шеккендер аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға орын алған күні санавиация арқылы бесеу маман жіберілген: ересектер мен балалар комбустиологтары, токсикологтар және анестезиолог-реаниматолог. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар толық қамтамасыз етілген. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі негізгі міндет – науқастардың жағдайын тұрақтандыру. Одан кейін олардың Шымкент қаласына немесе Астанадағы республикалық клиникаға жатқызылуы жөніндегі шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары