Бүгінгі таңда барлық өңір бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр.
Елімізде 7 облыс бойынша 1469 сынып қашықтан оқуға көшірілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңындаБас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова «алдағы уақытта маскалық режим енгізіледі ме?»деген журналист сауалына жауап берді.
Егер сыныптың 20%-ы тұмаумен ауырса онда сынып кабинетті жүйеге көшеді. Ал сыныптың 30%-ы ауырған жағдайда сынып түгел қашықтықтан оқуға көшеді, -деді ол.
Оның сөзінше қазіргі таңда еліміздегі эпедимиологиялық жағдай қатаң бақылауда. Бүгінгі таңда барлық өңір бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр.
Алғашқы мониторинг нәтижесінде елімізде 7 облыс бойынша 132 мектептен 1469 сынып қашықтан оқуға көшірілген. Олар: Астана, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Абай облыстары.