20.11.2025, 10:30

Қостанайда «Дала Қырандары» қатарын толықтырған жаңа қырандар төсбелгілерін алды

Фото: Дала қырандары

«Дала Қырандары» – рухы биік, мақсаты айқын ұрпақтың таңдауы.

Бүгін Қостанай қаласында қозғалыстың жергілікті бөлімшесі үшін маңызды оқиға өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа қатысушыларға салтанатты түрде төсбелгілер табысталып, олар ресми түрде «Дала Қырандары» ұйымының мүшелігіне қабылданды. Бұл рәсім – үміткерлердің дайындық кезеңін аяқтап, ұйым құндылықтарын қабылдағанын және қыран атағына лайық екендерін дәлелдеген соңғы қадамдарының бірі. Төсбелгі — олардың еңбегі мен жауапкершілігінің, қоғамға қызмет етуге деген ниетінің белгісі.

Ұйым өкілдері жаңа қырандардың ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, әділдік пен бірлікті нығайтуға дайын екендігін ерекше атап өтті.

«Дала Қырандары — мықты рухты, мақсаткер жастардың таңдауы», — деді ұйымдастырушылар.

Осылайша, Қостанайдағы қырандар қатары тағы да толығып, елге қызмет етуді мақсат еткен ұйым одан әрі күшейе түсті.