$ 518.66  597.44  6.56

Алматыда екі қабатты қойма өртеніп жатыр

Қызыл жалынмен күреске шамамен 80 адам, 21 техника жұмылдырылған. 

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

 Қазір ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласының Жетісу ауданындағы екі қабатты қоймада шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомство мәліметінше, екі қабатты қоймадағы өртке байланысты жедел штаб құрылды.

— Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру үшін 3 бөлек бағыт ұйымдастырылған. Су үздіксіз беріліп, өртке қарсы құралдар қолданылуда. Барлық шұғыл қызметтер сол жерде жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.

Қызыл жалынмен күреске шамамен 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД-ның өрт автопойызы жұмылдырылған.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары