$ 518.66  597.44  6.56

«Marry me?»: Ақмола облысында өрт сөндіруші сүйіктісіне ерекше жағдайда ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Видеоны Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі жариялады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысында құтқарушы жұмыс орнында сүйіктісіне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеоны Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі жариялады. Департаменттің айтуынша, №29 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, құтқарушы Абзал Темірбаев бәрін алдын ала жоспарлап, әріптестерінен көмектесуін сұраған.

"Абзалды аяқасты дабыл бойынша шақырғанда, оның сүйіктісі Назгүл бұл үлкен тосынсыйдың бір бөлігі екенін мүлде білген жоқ. Өрт сөндіру депосына келгенде, ол ғажап көрініске куә болды: гүлдерден жасалған үлкен жүрек, "Marry me?" деген жазу, шамдар, достары, туған-туыстары және осы маңызды сәттің куәсі болған бүкіл ұжым", – деді ТЖД-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары