Ол туған күнін тойлағаннан кейін топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кеткен.
Астанада туған күнге кеткен жеткіншек жоғалып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
22 қарашада полиция департаментіне 10 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Ол туған күнін тойлағаннан кейін топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кеткен. Мыңнан астам астаналықтар жоғалған қызды іздеуге шықты. Ауқымды іздеу шаралары ұйымдастырылды", - деп хабарлады полиция.
Іздеуге еріктілер, елорданың бей-жай қарамайтын тұрғындары, Ұлттық ұлан қызметкерлері және елордалық полиция гарнизонының барлық жеке құрамы қосылды.
"Суық ауа райын ескере отырып, баланың мүмкін болатын қозғалыс аймақтарын мүмкіндігінше жедел тексеру үшін қосымша күштер мен ресурстар жұмылдырылды. Қыз қалалық автобус кондукторының хабарламасы арқылы табылды, ол ата-анасына қайтарылды", - дейді полиция.
Жыл басынан бері Астанада балалардың жоғалу фактілері бойынша 2500-ге жуық өтініш тіркелді, барлық жағдайда кәмелетке толмағандар хабарлама келіп түскеннен кейін алғашқы сағатта немесе сәл кейінірек табылды.
Көбінесе балалар оқуда кешігіп қалады, көрші аулаға серуендеуге кетеді немесе ата-аналарына өз маршруттары туралы ескертуді ұмытып кетеді. Сонымен қатар ересектер саябақтарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, бұқаралық іс-шараларда және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде баланы "жоғалтатын" жағдайлар жиі кездеседі, дейді Астана қаласының полиция департаменті.