Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
"Қазгидромет" РМК 24 қарашада Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысының шығысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 24 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, қөктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігіндегі екпіні 23 м/с құрайды. Петропавлда 24 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с құрайды. Өскеменде 24 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 24 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с құрайды. Павлодарда 24 қарашада күндіз көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с қамтиды. Жезқазғанда 24 қарашада кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Астанада 24 қарашада көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 24 қарашада түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 24 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 17-22 м/с құрайды. Талдықорғанда 24 қарашада түнде және таңертен тұман болады деп болжанады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
24-25 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, 25 қарашада күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 24-25 қарашада кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.