26.11.2025, 17:30

Aстанада Saq жасағы OLX арқылы суррогат алкогольдің заңсыз сатылғанын анықтады

Фото: Видеодан алынған кадр

Ал дәл сол жерде бір адам өмірге қауіпті өнімді кәдімгі тауар сияқты еркін саудалап отырған.

Астанада Saq жасағы рейд өткізіп, OLX сайты арқылы қолдан жасалған суррогат алкоголь өнімін сатып жүрген азаматты анықтады. Ол заңсыз тауарды Абылайхан көшесі, 54 мекенжайындағы өз пәтерінен сатқан. Полиция шақырылғаннан кейін 3 литр суррогат тәркіленді. Бұл жағдай қарапайым көпқабатты тұрғын үйде орын алған — айналасында отбасылар тұрады, балалар ойнайды, адамдар өз күнделікті тіршілігін жасап жүр. Ал дәл сол жерде бір адам өмірге қауіпті өнімді кәдімгі тауар сияқты еркін саудалап отырған. Көпшілік мұндай қауіпті заттардың дәл жанынан, күнделікті өмірдің ортасынан өтіп жатқанын байқамай қалады — көрші пәтерлерден, интернеттегі хабарландырулардан. Біреу суррогатты бейқам түрде «қауіпсіз өнім» секілді сатса, оның зиянын білмейтін адамдар қауіпке ұшырайды. Сондықтан мұндай фактілерді жасырмай, анықтап, әрекет талап ету — қауіпті өнімдердің таралуын тоқтатудың жалғыз жолы.