Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек үлестік құрылысқа қатысты ең маңызды өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, жаңа құрылыс кодексіне дейін дайындалған жұмыс тобы барлық алдын ала келісім, инвестициялық келісім, брондау келісімі сияқты құжаттарды заңнан алып тастаған.
Депутаттың сөзіне қарағанда, қазір кейбір застройщиктер әлі күнге дейін «бронь», «алдын ала келісім» сияқты құжаттармен пәтер сатуды жалғастырып жүр. Базарбек бұл әрекетті құқықтық алаңнан тыс жұмыс деп атап, мұндай компанияларды анықтап, жазалау қажет екенін айтты. Оның айтуынша, бірқатар өңірлерде бұл тыйым бұзылған нақты фактілер тіркелген.
Базарбек нақтылады: Қазақстанда үлескерлерден ақша тартудың жалғыз заңды құжаты — Договор долевого участия (ДДУ).
Үлескерлердің қаражатын тартқысы келетін застройщик енді екі ғана жолды таңдай алады:
Алайда кейбір құрылыс компаниялары пәтерді тезірек сату үшін заңға қайшы «түсініксіз келісімдерді» пайдаланып, тұрғындарды адастырып отыр. Депутаттың айтуынша, мұндай келісімдер 2025 жылдың басынан бері толықтай заңмен тыйым салынған. Заң 1 шілде 2025 жылы күшіне енген және президент қол қойған.
«Егер өңірлерде осындай заңсыз жұмыс істейтін застройщиктер туралы ақпарат болса, міндетті түрде хабарласыңыздар. Бұл — халықтың ақшасын қорғау мәселесі», — деді Бақытжан Базарбек.