Сейсмикалық қауіп карталары ұзақ жылдар бойы ескерілмей, лоббистердің мүддесі басым болып келген.
Бақытжан Базарбектің айтуынша, мектеп пен аурухана тұрғызуға тыйым салынған қауіпті аймақтарға көпқабатты үйлер еш кедергісіз салынып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Депутат бұл жерлердің тектоникалық разломдардың үстінде жатқанын, бірақ оған қарамастан құрылыс тоқтамай тұрғанын айтты.
«Балаларға мектеп салуға болмайтын аймаққа қалайша тұрғын үй кешенін рұқсат етеді?» – деп ашынды ол.
Базарбектің сөзінше, сейсмикалық қауіп карталары ұзақ жылдар бойы ескерілмей, лоббистердің мүддесі басым болып келген. Ол министрліктен нақты жауап талап етіп, қауіпті аймақтарға құрылысқа мүлде тыйым салуды сұрады. Депутат мұндай аймақтарда тұратын халық өздерінің жарық үстінде тұрғанын білмей отырғанын жеткізді.
«Бұл – жай немқұрайлылық емес, халықтың өміріне жасалған қауіп», – деді Бақытжан Базарбек.