$ 518.4  598.13  6.55

«Әкесі туған қызын пышақтап өлтірген»: Вице-министр іске қатысты мәлімдеме жасады

Әділов ер адамның мас күйінде болғанын атап өтті. 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысындағы 15 жасар мектеп оқушысының өліміне байланысты 99-бап бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Талғар ауданында ер адам мен қызының арасында жанжал туындап, содан кейін әкесі жасөспірімді 16 рет пышақтаған.

Қыздың әкесі қамауға алынған. Әділов ер адамның мас күйінде болғанын атап өтті. 

“Қазіргі таңда аталған іс бойынша Қылмыстық Кодекстің 99 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Бұл деректі растаймын. Қылмыс қаруы, пышақ, тәркіленді. Ер адам мас күйінде болған. Біз оқиға орнын тез арада тексеріп, күдіктіні ұстадық. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде. Қосымша сот-психиатриялық сараптама да тағайындалды. Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады”, – делінген хабарламада. 

Ішкі істер министрлігі тергеу аса ауыр қылмыс ретінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары