Шортанды аудандық сотында туған анасын ұрып-соққан тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, үйінде анасымен жанжалдасып, ұрып-соққаны үшін Шортанды ауданының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 79-1 бабы бойынша, айыпты деп танылды.
Сот отырысында анасын ұрғанын мойындады.
«Сот қаулысымен ол осы жасаған құқықбұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алынды», делінген хабарламада.