$ 513.45  596.99  6.59

«Алматы — Бішкек» тасжолында көлік апатынан жеті адам қаза тапты

Жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған.

Фото: Әлеуметтік желі/kris_p_almaty_official
Фото: Әлеуметтік желі/kris_p_almaty_official

 Алматы — Бішкек тасжолында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 2025 жылғы 25 қарашада Алматы — Бішкек автожолының 65-шақырымында жол апаты болып, алты адам көз жұмғанын хабарлағанбыз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары