02.12.2025, 12:20

Олжас Бектенов Торғай өңіріне қажетті қаражат бөлуді тапсырды

Фото: Үкімет

Осы орайда Үкімет отырысына арнайы келіп қатысып отырған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ұсыныс дайындалып жатқанын айтты.

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Торғай өңіріне қажетті қаражат бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

— Бүгінгі тақырыптан тыс мәселе ол — Торғай өңірін қолдау. Назар аудару керек. Серік Мақашұлы (Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Жұманғарин), Мәди Төкешұлы (Қаржы министрі Такиев), қажетті қаражатты бөлу керек. Ұсыныс енгізіңіздер, — деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Үкімет отырысына арнайы келіп қатысып отырған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ұсыныс дайындалып жатқанын айтты.