Құжат “Ашық НҚА” сайтында 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.
Энергетика министрлігі “Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы” бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
8 қазан күні мемлекет басшысының төрағалығымен макроэкономикалық теңгерімсіздіктер мен инфляциялық тәуекелдер мәселесіне арналған жиын өткізілді. Жиын қорытындысы бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылды.
Сондай-ақ электр энергиясына шекті тарифтердің өсуін тоқтату туралы шешім қабылданды.
“Бұйрық жобасында 2026-2032 жылдарға электр энергиясына шекті тарифтерді 2025 жылғы шекті тарифтер деңгейінде бекіту қарастырылған”, – делінген құжатта.Жобаны әзірлеушілер 2026–2032 жылдарға шекті тарифтердің бекітілуі бірыңғай сатып алушы бағасына әсер етпейтінін атап өтті. Өйткені шекті тарифтер 2025 жылғы деңгейде бекітіліп жатыр.
Бекітілген тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.