02.12.2025, 13:00

«Жеңіл жүрістілерден ауру адам туады»: ерекше балаларды қорлаған блогер ұсталды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Полиция блогердің бұл әрекетіне қатысты әкімшілік іс қозғады. 

Астанада мүгедек балаларды қорлады деп айыпталған блогер ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде блогердің ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтылған видеосы тараған еді. Полиция блогердің бұл әрекетіне қатысты әкімшілік іс қозғады. 

“Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді”, – деп хабарлады ведомство. 

Полиция азаматтарды контент жариялауда жауапкершілік алуға, басқа да адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуге, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырды.