Қаза тапқан спорт ардагерлерінің есімі жарияланды.
Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шақуов Алматы облысында 7 адамның өмірін қиған жол апатына байланысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, жантүршігерлік жол апатында жан тапсырған 7 азаматтың бесеуі спортшы — Сурдлимпиада ардагерлері болған.
— Әкемнің жақын достары, Бішкек қаласында құлағында кемістігі бар ардагерлер арасындағы футбол турнирінен қайтып келе жатып, жол апатына ұшырады. Онда бірден 5 ардагер қаза тапты, — деді Арсен Шақуов.
Ол қаза тапқан спорт ардагерлерінің есімін жариялады:
• Асыл Ибрайымов — есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.
• Дмитрий Мочальский — шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы.
• Сәкен Смағұлов — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
• Сергей Волковинский — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
• Серік Молдашев — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.