$ 513.45  596.99  6.59

Павлодар облысы әкімінің әпкесі ішіп алып көлік тізгіндеген

Полицейлер Тоқтасынов пен Нұркенов көлікті жүріп келе жатқанда тоқтатқанын, ішінде тек әйел болғанын және алкоголь иісін анық сезгенін мәлімдеді.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Павлодар облысында мас күйінде рөлге отырған әкімнің туған әпкесі ұсталды. Сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға жіберді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бір ай бұрын Екібастұзда полиция Hyundai Tucson көлігін тоқтатады. Рөлде отырған әйелден алкоголь иісі шыққан. Оны наркодиспансерге апарып, жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Полицейлер әкімшілік кодекстің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқытқыш заттардың әсерімен басқаруы) бойынша хаттама толтырды.

Сотта әйел өзін ақтап, көлікті жүргізбегенін, тек сыртта тоңып, жылынып алу үшін рөлге отырғанын айтты. Аздап ішкенін жасырмады. Оның сөзін Куликов есімді ер адам да қолдады. Ол өзін әйелдің жүргізушісімін деп таныстырып, көлік оның үйінің жанында тұрғанын, екеуі бірге көліктің ішінде отырғанын, дәл сол кезде полиция келгенін айтты. Ол көлік мүлде қозғалған жоқ деп сендірді.

Бірақ патруль қызметкерлері мүлде басқа нұсқаны айтты. Полицейлер Тоқтасынов пен Нұркенов көлікті жүріп келе жатқанда тоқтатқанын, ішінде тек әйел болғанын және алкоголь иісін анық сезгенін мәлімдеді.

Сот полицейлердің сөзіне сеніп, олар хаттаманы заңды түрде толтырған деп шешті. Нәтижесінде судья Елубай Серікпаев әйелді 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамады.

Айта кетейік, бұл әйел – Айгүл Қуандыққызы Байханова, 53 жаста. Ол – Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың туған апасы (мұны kase.kz сайтындағы деректерден де көруге болады).

Ал облыс әкімі туысын жазадан қорғауға тырыспай, заң алдында бәрі тең екенін көрсетті және құқықбұзушылыққа төзбейтінін жеткізген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары