03.12.2025, 13:20

Жетісу облысында полицейлер пара алған сәтте ұсталды

Adil Abdrakhmanov / Getty Images

Ведомствоның мәліметінше, олар шамамен 6 миллион теңге көлемінде пара алған сәтінде қолға түскен.

2 желтоқсан күні ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Достық полиция бөлімшесінің басшысын және Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторын ұстады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның мәліметінше, олар шамамен 6 миллион теңге көлемінде пара алған сәтінде қолға түскен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.