Белгілі қазақстандық коуч, блогер Роза Әшірбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға өз ақыл кеңесін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
”Қыздар, талапшыл болу керек. Талапшыл болыңдар, алыңдар, талап етіңдер. Бірақ қаржы мәселесінде ғана емес. Ол жауапты болсын, пәк болсын. Сөзі дұрыс, білімді, кітап оқитын, әдемі жазатын. Әйтпесе сендер “цунбятрым” деп жазатын жігіттермен де сөйлесе бересіңдер. Талап етіңдер деген кезде “ақша” деп ойлайсыңдар. Жоқ! Талапшылдық ол ер азаматтың сапасына қатысты талапшылдық. Білімі, сауаттылығы, жауапкершілігі, өз-өзіне жауапкершілігі, пысықтығы, алға ұмтылуы», деді коуч.