03.12.2025, 16:20

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан фельдшер көз жұмды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ауыр хәлде жеткізілген 23 жастағы фельдшер бірнеше сағат өткен соң алған жарақатынан көз жұмды.

Алматыда 3 желтоқсанға қараған түні жедел жәрдем көлігіне қатысты ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Түнгі шамамен 00:40-та Алатау ауданында жедел жәрдем каретасы бұрылыс жасаған сәтте, қарсы бағыттан келе жатқан Kia маркалы көлікпен соқтығысқан.

Соққы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алды. Ауыр хәлде жеткізілген 23 жастағы фельдшер бірнеше сағат өткен соң алған жарақатынан көз жұмды.

Полиция бұл фактіге қатысты адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада тағы бір 23 жастағы фельдшер — Ұлдана Мырзуан — көпқабатты үйдің қаптамасы опырылып, ауыр жарақаттан қайтыс болған еді. Денсаулық сақтау саласындағы қайғылы оқиғалар қоғамда үлкен резонанс тудыруда.