03.12.2025, 16:30

Министр: Хайп қуғандар үшін адамдық құндылықтың да қадірі қалмады

Фото: Kazinform

Министр мұндай жауапсыз пікірлер үшін жазаны күшейту қажет екенін баса айтты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қоғамда қызу талқыланған даулы мәлімдемеге байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол ақылға сыймайтын сөздерді талқылаудың өзі қиын екенін айтып, ерекше баласы бар ата-аналардың уайымымен толықтай ортақ екенін жеткізді.

Министр мұндай жауапсыз пікірлер үшін жазаны күшейту қажет екенін баса айтты. Ол жұртты тек медицина саласының білікті мамандарының кеңесіне құлақ асуға үндеді.

Әлназарова көпшіліктің назарын аударту үшін қандай да болса әрекетке бару — аса қауіпті құбылыс екенін ескертті. Оның сөзінше, танымалдыққа ұмтылу адамдық құндылықтарды кейінге ысырып тастайтын жағымсыз үрдіске айналды. Бұл оқиға қоғамдағы тәрбие мен жауапкершілік өлшемдерінің әлсірегенін айқын көрсетті.