$ 503.89  587.54  6.48

Қарағандыда инкассаторлық көлік өртеніп, жүргізуші көз жұмды (ВИДЕО)

Toyota жүргізушісі мас күйінде болғаны хабарланды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Қарағанды облысы полициясының ақпаратынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат салдарынан инкассаторлық Lada Largus-тың 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Оның 36 жастағы жолаушысы және 41 жастағы Toyota жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, Camry жүргізушісі изоляторға қамауға алынды.

Инкассаторлық көлікте 3 млн теңгеден астам ақша болған, олар көлікпен бірге жанып кетті.

Toyota жүргізушісі мас күйінде болғаны хабарланды.

Бұған дейін оны жүргізуші куәлігінен айырғаны да белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары