$ 499.65  582.89  6.47

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін шаршы үш спортшымыз қолғап түйістіреді

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Нурмагамед Юсупов тәжікстандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, турнирді жарқын жеңіспен бастаған еді.

Фото: qazsportv.kz
Фото: qazsportv.kz

Бүгін, 5 желтоқсан, Дубай төрінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының екінші күні бастау алды. IBA ұйымдастырған додада бүгін бірден үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға көтеріледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

Алғаш болып 67 келіде сынға түсетін Санатәлі Төлтаев замбиялық Жералд Кабиндамен күш сынасады. Одан кейін 80 келі санатындағы Ерасыл Жақпеков Буркина-Фасо боксшысы Зуграна Эбенезерге қарсы өз шеберлігін көрсетпек.

Кешкі сессияда 86 келіде жұдырықтасатын Дәулет Төлемісов бразилиялық Сюза Рамон Ботагелломен кездеседі. Сондай-ақ Моңғолия құрамасы атынан бақ сынап жүрген қандасымыз Жандос Асқардың жекпе-жегін де тамашалауға мүмкіндік бар. Ал жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Нурмагамед Юсупов тәжікстандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, турнирді жарқын жеңіспен бастаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары